Погода в Шымкенте
+25°С
в Шымкенте Ясно
давление: 712 мм.рт.ст.
USD474.83
EUR515.38
RUB5.5
CNY65.48
  • Регистрация

    На указанный email придёт письмо со ссылкой для активации.

    Вы можете указать свой пароль, или оставить это поле пустым и тогда он будет сгенерирован автоматически.

    Вы можете указать отдельный логин, чтобы не использовать email для входа.

    Ваше имя, для отображения на сайте.

Сегодня 27 июля 2024 года, суббота

Новости Шымкента

Шымкентте сарбаздар антына адал болуға серт берді

Отанды қорғау – ұлы міндет. 35748 әскери бөлімінде Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласынан келген 200-ге жуық сарбаз салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Енді олар еліміздің Қарулы Күштерінің сапын толықтырмақ. Аз уақытта әскери тәртіпке үйреніп қалған олар Отан алдындағы борышын адал орындауға серт берді.

Трибунадан бригада командирі полковник Амиркожа Айткожин, сондай-ақ ардагерлер ұйымдарының өкілдері мен ата-аналар құттықтау сөз сөйлеп ізгі тілектерін айтты.

Әскери рәсімді өткізу үшін қонақтар мен командирлерінің сөзінен кейін қолында қаруы бар сарбаздар өз борышын лайықты орындауға, ел бостандығы, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысын, халықты және заңды түрде сайланған Қазақстан Республикасының Президентін батыл қорғауға ант берді.

Шымкентте сарбаздар антына адал болуға серт берді

«Сарбаздар берген анттарына адал, аттарына  заты лайық азаматтар бола берсін!  Әскери міндет - өте маңызды абыройлы іс. Ел алдында, Отан  алдында, халықтың алдында  міндеттерінді адал атқарып, үйлеріңе аман-сау оралыңдар. Біз сіздерден үлкен үміт күтеміз!», - деді бөлім командирі полковник Амиркожа Айткожин

Шымкентте сарбаздар антына адал болуға серт берді

Жалпы, жас сарбаздар үшiн бұл күннiң орны ерекше. Ең бастысы, Отан алдындағы борышын адал атқару мен ел алдында жауапты азамат екенiн терең сезiнетiн күн.

Шымкентте сарбаздар антына адал болуға серт берді

Салтанаты жиын жабық деп жарияланғаннан  соң әскери  бөлім басшылары  ата-аналармен  кездесіп, әңгімелесті. Оларды мазалаған сауалдарға  жауап  берді. Сонымен қатар, ата-аналар өздерінің  балалары жатып демалатын, тамақ ішетін орындармен танысты.  Жиын соңында  әскери бөлімнің көркем өнерпаздарының шағын   мерекелік концертіне  ұласты.

Шымкентте сарбаздар антына адал болуға серт берді

Шымкентте сарбаздар антына адал болуға серт берді

Шымкентте сарбаздар антына адал болуға серт берді

Шымкентте сарбаздар антына адал болуға серт берді

Шымкентте сарбаздар антына адал болуға серт берді

Шымкентте сарбаздар антына адал болуға серт берді

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Понравилась статья? Поделитесь с друзьями!

Афоризм дня

Дисциплина, время и терпение - три величайшие движущие силы на земле.

От редакции

Использование материалов возможно только при наличии активной ссылки на городской портал «Шымкент Сити».

Редакция не несет ответственности за содержание рекламных объявлений, статей и комментариев.

E-mail:

Посещаемость

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика