Погода в Шымкенте
+17°С
в Шымкенте Ясно
давление: 715 мм.рт.ст.
USD446.49
EUR475.38
RUB4.79
CNY61.66
  • Регистрация

    На указанный email придёт письмо со ссылкой для активации.

    Вы можете указать свой пароль, или оставить это поле пустым и тогда он будет сгенерирован автоматически.

    Вы можете указать отдельный логин, чтобы не использовать email для входа.

    Ваше имя, для отображения на сайте.

Сегодня 24 апреля 2024 года, среда

Новости Шымкента

Түркістан: Болашақ Отан қорғаушыларға тіркеу куәліктері табыс етілді

Түркістан қаласының Ж.Тәшенов атындағы № 23 IT-мектеп-лицейінің 30 оқушысына әскери есепке қойылғаны туралы куәліктер табысталды.

Түркістан: Болашақ Отан қорғаушыларға тіркеу куәліктері табыс етілді

Бұл шараға Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері, сондай-ақ интернационалист жауынгерлер, Қарулы Күштердің ардагерлері, мұғалімдер мен Т. Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының 4 курс курсанты қатысып, жасөсіпірімдерге Отан қорғау ісі жөнінде тағлымдама айтты.

– Әскери қызмет – бұл ер адамның әскери борышы, оның мінезін, ерік-жігерді, табандылық пен батылдықты қалыптастыру мектебі болып табылады. Патриоттар мен Отан қорғаушыларды тәрбиелеу отбасы мен мектеп қабырғасынан басталады. Тәжірибелі жауынгерлердің қолынан құжат алған балалар жауынгерлік дәстүрдің сабақтастығын сезінді деп ойлаймын, – деп атап өтті Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник Жандос Күлдербаев.

Ал Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанты Бердібек Өмірзақтың айтуынша, әскери жоғары оқу орнына оқуға түсуге өзін-өзі тәрбиелеу, мақсатқа ұмтылу және мектеп қабырғасында алған жақсы білім көмектеседі.

– Әскери институтта оқып жүргенде ата-анам аса алаңдаған жоқ. Себебі олар барлық тұрғыда қамтылған және үнемі бақылауда екенімді біледі. Әскери қызметті таңдауда мені ұшқыш болудан бөлек қызықтырғаны тұрақтылық, мансаптық өсу және жақсы әлеуметтік қолдау болды, – деді курсант Бердібек Өмірзақ.

Айта кетсек, жалпы орта білімі бар, оқуға түсетін жылы 17 жасқа толған, 22 жастан аспаған азаматтар, 24 жасқа толғанға дейін мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген сарбаздар, сондай-ақ келісімшарт бойынша әскери қызмет етіп жүрген 25 жасқа дейінгі азаматтар әскери оқу орындарына құжаттарын тапсыра алады.

Тіркеу куәліктерін биыл 2005 жылы туған жасөспірімдер алады. Түркістан қаласы бойынша бүгінгі таңда 1200-ден астам жас жігіттің 500-ге жуығы әскери есепке қойылған.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Понравилась статья? Поделитесь с друзьями!

Афоризм дня

Вторая половина найдется тогда, когда наполнится первая. Не ищите себе полупустых половинок. Когда явится полная половина, сработает магнит души.

От редакции

Использование материалов возможно только при наличии активной ссылки на городской портал «Шымкент Сити».

Редакция не несет ответственности за содержание рекламных объявлений, статей и комментариев.

Наш адрес: 071406, Казахстан
г. Семей, ул. Сыбанова, 2а
Моб.: 8 747 650 05 30
E-mail:

Посещаемость

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика