Новости Шымкента
Шымкенттің сұңқарлары алғашқы жеңісіне жетті
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 68 мектептің жас сарбаздары «Сұңқар» командасының мүшелері «Айбын-2021» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының екінші байқауы «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны сайысында 51 команданың арасынан алға суырылып шығып 1-ші орын иеленді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 68 мектептің «Сұңқар» командасының мүшелері бес күнге созылған аламанның нәтижесінде ұлдар арасында 10 сынып оқушысы Нұршаттык Дат алдына жан салмаса, қыздар ішінде сынып оқушысы Жансая Әліхан көш бастады.
Байқаудың қорытындысы бойынша алға шыққан «Сұңқар» командасының жетекшісі Асанбай Иманқұлов, ұлттық ойынның өскелең ұрпақ тәрбиесінде, ұл-қыздарымыздың интеллектуалдық әлеуетін көтеруде ерекше екенін атап өтті.
Биыл бірінші рет «Айбын-2021» жиынының аясында өкізілген «тоғызқұмалақ» ойыны — 4000 жылдық тарихы бар қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі. Ол ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал етеді және бабаларымыздың осал адамдар болмағанын дәлелдейді.
Тоғызқұмалақ ойыны 2021 жылы 11-15 қазан аралағында онлайн-форматта playok.com арнайы платформасында өткізілді. Ойынға әр командадан 2 өкіл (1 қыз, 1 ұл) сайысқа түсті.
Жастар жиыны аясында тұңғыш рет онлайн форматта өткізілген жарыс көпшіліктің көңілінен шығып, сарапшылар тарапынан жоғары бағасын алды.
Пресс-служба Шымкентского гарнизона Министерства обороны