Погода в Шымкенте
+23°С
в Шымкенте Ясно
давление: 713 мм.рт.ст.
USD447.4
EUR477.55
RUB4.76
CNY61.81
  • Регистрация

    На указанный email придёт письмо со ссылкой для активации.

    Вы можете указать свой пароль, или оставить это поле пустым и тогда он будет сгенерирован автоматически.

    Вы можете указать отдельный логин, чтобы не использовать email для входа.

    Ваше имя, для отображения на сайте.

Сегодня 19 апреля 2024 года, пятница

Новости Шымкента

Шымкент гарнизонының әскерлері қорытынды тексерістен өтуде

Шымкент гарнизонында орналасқан әскери бөлімдері мен мекемелері жауынгерлік даярлық деңгейін бағалау және бөлімшелердің жауынгерлік әзірліктерін тексеру мақсатында ауқымды қорытынды тексерістен өтуде.

Шымкент гарнизонының әскерлері қорытынды тексерістен өтуде

Қарулы Күштердің 2021 жылға арналған жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес жоғарғы басшылық тарапынан құрылған арнайы кешенді комиссия құрамына Шымкент гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелері қорытынды тексеру тапсыруда.

Қорытынды тексерістің басты мақсаты – жеке құрамның машығын, взводтардың, роталардың, құрамалар мен бөлімдердің батальондары басқармаларының нақты деңгейін, бөлімшелердің қысқа мерзімде қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындауға әзірліктерін тексеру, сондай-ақ оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау, жауынгерлік даярлық жоспарлары мен бағдарламаларын орындау барысында бөлімшелер мен олардың басқару органдарының жауынгерлік даярлығы мен үйлесімділігінің деңгейін бағалау болып табылады.

Шымкент гарнизонының әскерлері қорытынды тексерістен өтуде

Тексеру барысында әрбір әскери қызметші бөлімше құрамында барлық оқу пәндері бойынша, оның ішінде атыс, тактикалық, арнайы дайындық, жауынгерлік машинаны жүргізу, әскери топография, инженерлік, дене және саптық даярлықтан сынақтар тапсырады. Сондай-ақ, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі, лауазымды тұлғалардың жауынгерлік дайындыққа басшылық ету жөніндегі жұмысын ұйымдастыру жүйесі, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі тексеріледі.

• Іс-шара ауқымды, сапта тұрған сарбаздардан бастап, бөлім басшылығына дейін барлық әскерилерді қамтиды. Әрбір әскери қызметші өзінің 2021 оқу жылында қол жеткізген далалық дағдысы мен білім деңгейін көрсетеді. Сондай-ақ, қорытынды тексеру нәтижесі бойынша әрбір әскери қызметшіге сыныптылық біліктілігі беріледі, - дейді гарнизон бастығы полковник Нүркен Қарағұлов.

Оқу пәндері бойынша қорытынды тексеріс әскери бөлімдердің оқу-жаттығу полигондарында және тұрақты орналасу пункіттерінде өтуде. Қорытынды тексеру нәтижелеріне қарай әрбір әскери қызметші жеке-дара бағаланып, әскери бөлімдердің жылдық жауынгерлік деңгейі айқындалады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Понравилась статья? Поделитесь с друзьями!

Афоризм дня

Успех — скверный учитель. Он кружит голову. Он ненадежен. Билл Гейтс

От редакции

Использование материалов возможно только при наличии активной ссылки на городской портал «Шымкент Сити».

Редакция не несет ответственности за содержание рекламных объявлений, статей и комментариев.

Наш адрес: 071406, Казахстан
г. Семей, ул. Сыбанова, 2а
Моб.: 8 747 650 05 30
E-mail:

Посещаемость

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика