Погода в Шымкенте
+17°С
в Шымкенте Ясно
давление: 715 мм.рт.ст.
USD443.35
EUR475.54
RUB4.82
CNY61.18
  • Регистрация

    На указанный email придёт письмо со ссылкой для активации.

    Вы можете указать свой пароль, или оставить это поле пустым и тогда он будет сгенерирован автоматически.

    Вы можете указать отдельный логин, чтобы не использовать email для входа.

    Ваше имя, для отображения на сайте.

Сегодня 26 апреля 2024 года, пятница

Новости Шымкента

Қазығұрт шыңына ту тікті

Шымкент гарнизонындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері мен В. Терещкова атындағы №31 жалпы орта мектебінің «Жас зымыраншы» әскери-патриоттық сыныбының оқушылары Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазығұрт шыңын бағындыру үшін біркүндік саяхатқа шықты.

Қазығұрт шыңына ту тікті

Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты патриотты, рухты етіп тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Таулы өлкеге саяхатты асыға және қызығушылықпен күткен оқушылар шың басына 2 сағат уақыт көлемінде жаяу жүріп, биіктігі 1768 метрді құрайтын Қазығұрт шыңына шығып, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне еліміздің көк туын тікті.

Қазығұрт шыңына ту тікті

Таулы аймақта оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында медицина қызметкерлері жұмылдырылып, арнайы нұсқаушы әскери қызметкерлер бағыт-бағдар көрсетіп жүрді. Сондай-ақ, тау етегінде оқушыларға арналған шатырлар құрылды.

– Мен үшін бүгінгі күн өте әсерлі және ерекше болды. Тау шыңына шығып, табиғатымыздың сұлулығына тамсана қарадым. Қазығұрт тауының тарихымен, аңыз әңгімелерімен таныс болдық. Бізге осындай керемет көңіл-күй сыйлаған әскери ағаларымызға алғысымыз шексіз, – дейді Азиз Сарыбек.

Айта кетсек, Қазығұрт тауы – Түркістан облысы Қазығұрт ауданының орталығынан 20 шақырым жерде орналасқан тау шыңы. Аңыз бойынша, Нұх пайғамбардың кемесі осы таудың басында тоқтаған. Осы сияқты аңыздар қазақ халқынан басқа көптеген ежелгі халықтардың мифологиясында кездеседі.

2 сыныпты сержант Мақсат ЖАҚСЫБЕК
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Понравилась статья? Поделитесь с друзьями!

Афоризм дня

Границы, так же как и страхи, чаще всего оказываются просто иллюзиями. Майкл Джордан

От редакции

Использование материалов возможно только при наличии активной ссылки на городской портал «Шымкент Сити».

Редакция не несет ответственности за содержание рекламных объявлений, статей и комментариев.

Наш адрес: 071406, Казахстан
г. Семей, ул. Сыбанова, 2а
Моб.: 8 747 650 05 30
E-mail:

Посещаемость

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика