Погода в Шымкенте
+21°С
в Шымкенте Ясно
USD443.85
EUR474.3
RUB4.8
CNY61.25
  • Регистрация

    На указанный email придёт письмо со ссылкой для активации.

    Вы можете указать свой пароль, или оставить это поле пустым и тогда он будет сгенерирован автоматически.

    Вы можете указать отдельный логин, чтобы не использовать email для входа.

    Ваше имя, для отображения на сайте.

Сегодня 25 апреля 2024 года, четверг

Новости Шымкента

Түркістан облысының жастары әскерге аттануда

2021 жылғы күзгі әскерге шақыру науқанының алғашқы командалары Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің облыстық жинау пунктінен әскери борышын өтеуге аттануда.

Түркістан облысының жастары әскерге аттануда

Отан алдындағы борышын орындауға аттанар алдында болашақ сарбаздар медициналық тексеруден, психологиялық тестілеуден және баратын әскери бөлімнің өкілімен сұхбаттасудан өтеді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша әр команданы шығарып салуға Ауған соғысы және Қарулы Күштер ардагерлері келіп, болашақ сарбаздарға әскери қызметте табыс тілеп, ақ батасын береді.

Түркістан облысының жастары әскерге аттануда

– Қазіргі таңда облысымыздың барлық аудандарында әскери қызметке жарамды жасы 18-ге толған және 27-ден аспаған ер-азаматтар шақыру қағаздарын алып, алдымен аудандық, одан кейін облыстық жинақтау пунктінде медициналық тексеруден өтуде. Егер денсаулығы жақсы болса, олар әскерге аттанады. Осы жылы күзде біз ҰҚК Шекара қызметіне үш жүзге жуық, Қарулы Күштерге жеті жүзден аса және Ұлттық Ұланға сегіз жүзден астам ер-азаматты жіберу жоспарланған, – деді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев.

Жеке құрамның денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында болашақ сарбаздар COVID-19-ға ПТР-тест тапсырады. Әскери бөлімге келген соң, олар екі апталық карантинге орналастырылып, қайтадан ПТР сынағын тапсырып, медициналық тексеруден өтеді.

Осы жылдың күзінде мерзімді әскери қызметке Түркістан облысынан барлығы екі мыңға жуық азамат шақырылатын болады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Понравилась статья? Поделитесь с друзьями!

Афоризм дня

Что бы ты ни дал женщине, она даст тебе больше. Ты дашь ей себя - она подарит тебе малыша. Ты построишь ей дом - она подарит тебе уют в нём. Ты обеспечишь её продуктами - она тебя вкусным ужином. Ты подаришь ей улыбку - она отдаст тебе своё сердце.

От редакции

Использование материалов возможно только при наличии активной ссылки на городской портал «Шымкент Сити».

Редакция не несет ответственности за содержание рекламных объявлений, статей и комментариев.

Наш адрес: 071406, Казахстан
г. Семей, ул. Сыбанова, 2а
Моб.: 8 747 650 05 30
E-mail:

Посещаемость

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика