Погода в Шымкенте
+20°С
в Шымкенте Облачность и небольшой дождь
USD443.85
EUR474.3
RUB4.8
CNY61.25
  • Регистрация

    На указанный email придёт письмо со ссылкой для активации.

    Вы можете указать свой пароль, или оставить это поле пустым и тогда он будет сгенерирован автоматически.

    Вы можете указать отдельный логин, чтобы не использовать email для входа.

    Ваше имя, для отображения на сайте.

Сегодня 25 апреля 2024 года, четверг

Новости Шымкента

Танкистер кәсіби мерекелерін атап өтті

Шымкент гарнизонының механикаландырылған әскери бөлімінде тарихы 1946 жылдан бастау алған жауынгер танкистердің табандылығын, қайсарлығы мен ержүректілігін еске алу құрметіне орай Танкистер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Танкистер кәсіби мерекелерін атап өтті

Шара барысында бөлім жеке құрамы танкистердің құрметіне салтанатты сап түзеп, саптық әндермен жүріп өтті. Бөлім басшылықтары танкистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, қызмет барысында өздерін жақсы жағынан көрсеткен әскери қызметшілерді мадақтама қағаздарымен марапаттады.

Мерекелік көңіл-күйді және салауатты өмір салтын сақтау мақсатында спорттық ойындармен жалғасын тауып, танк бөлімшелері арасында 1 шақырымға жүгіру, кір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту, белтемірге тартыну және әскери эстафета сынды спорт түрлері ұйымдастырылды.

• Бүгінгі мереке мен үшін өте ерекше. Танк әскері Ұлы Отан соғысы жылдарында өшпейтін даңққа ие болып, фашистік басқыншыларға тойтарыс беруде зор үлес қосқан. Бүгінде танк әскерлері еліміздің Қарулы Күштерінде басты соққы күш беруші болып табылады және өзімнің танкист болғанымды мақтан етемін, – деді танк командирі сержант Рахымжан Айдарбеков.

Шара соңында танк бөлімшесінің жеке құрамы кәсіби мереке қарсаңында спорттық демалыс уақытын сыйлаған бөлім басшылығына ризашылығын жеткізді.

2 сыныпты сержант Мақсат ЖАҚСЫБЕК
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Понравилась статья? Поделитесь с друзьями!

Афоризм дня

Секс — часть природы. Я в согласии с природой. Мэрилин Монро

От редакции

Использование материалов возможно только при наличии активной ссылки на городской портал «Шымкент Сити».

Редакция не несет ответственности за содержание рекламных объявлений, статей и комментариев.

Наш адрес: 071406, Казахстан
г. Семей, ул. Сыбанова, 2а
Моб.: 8 747 650 05 30
E-mail:

Посещаемость

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика