Погода в Шымкенте
+27°С
в Шымкенте Ясно
давление: 713 мм.рт.ст.
USD474.83
EUR515.38
RUB5.5
CNY65.48
  • Регистрация

    На указанный email придёт письмо со ссылкой для активации.

    Вы можете указать свой пароль, или оставить это поле пустым и тогда он будет сгенерирован автоматически.

    Вы можете указать отдельный логин, чтобы не использовать email для входа.

    Ваше имя, для отображения на сайте.

Сегодня 27 июля 2024 года, суббота

Новости Шымкента

Жақсы дайындық жеңістің кепілі

Шымкент гарнизонындағы механикаландырылған бригаданың танкистері Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығында әскери бөлімдердің жауынгерлік деңгейін анықтайтын экспресс-тест сайысына дайындалуда.

Жыл сайынғы өтетін экспресс-тест сайысына бөлімнің атынан взвод жеке құрамы қатысады. Сайысқа қатысқан әрбір взводтың көрсеткішіне қарап сол әскери бөлімнің жауынгерлік даярлығына баға беріледі. Ол, барлық жағынан дайындығы жақсы, ең мықты жауынгерлік бөлімді анықтау ғана емес, сондай-ақ жауынгерлерді ширатып, ұрыс кезінде болатын әртүрлі жағдайларға бейімделуіне, тәжірибе жинақтауға ықпал етуге бағытталған.

Жақсы дайындық жеңістің кепілі

Аталмыш сайыста Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының мотоатқыштар, танк және мергендер взводтары сынға түседі. Олар атыс және дене шынықтыру даярлығы, БМП-2 және Т-72, АК-74, СВД қару-жарағынан жеке және взвод құрамында ұзақ қашықтыққа ату, қол гранаталарын лақтыру, АТА (атлетизм – табандылық – алғырлық) кедергілер жолағынан өту, взвод құрамында жауынгерлік машинаны жүргізу, белтемірге тартылу, 24 келілік кір тасын жұлқып көтеру, бес шақырымға жүгіру сынды жаттығулар бойынша дайындалып, шеберліктерін шыңдауда.

- Қазіргі таңда әскери бөлімнің абыройын арттыру үшін барлық жаттығуларды жоғарғы деңгейде орындап, тәжірибені шыңдау мақсатында жақсы дайындық үстіндеміз. Жігіттердің дайындығы мықты, барлығының жеңіске деген ұмтылыстары көрініп тұр. Сайыста жүлделі орын алуымызға сенімдіміз, - дейді танк взводының командирі аға лейтенант Қазбек Әбенов.

Айта кетсек, осындай әскери сайыстар мен жауынгерлік жаттығулар әскеріміздің қуатын айқындайды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Понравилась статья? Поделитесь с друзьями!

Афоризм дня

Границы, так же как и страхи, чаще всего оказываются просто иллюзиями. Майкл Джордан

От редакции

Использование материалов возможно только при наличии активной ссылки на городской портал «Шымкент Сити».

Редакция не несет ответственности за содержание рекламных объявлений, статей и комментариев.

E-mail:

Посещаемость

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика