Погода в Шымкенте
+17°С
в Шымкенте Облачность
давление: 715 мм.рт.ст.
USD443.85
EUR474.3
RUB4.8
CNY61.25
  • Регистрация

    На указанный email придёт письмо со ссылкой для активации.

    Вы можете указать свой пароль, или оставить это поле пустым и тогда он будет сгенерирован автоматически.

    Вы можете указать отдельный логин, чтобы не использовать email для входа.

    Ваше имя, для отображения на сайте.

Сегодня 25 апреля 2024 года, четверг

Новости Шымкента

Жас сарбаздар мен аға буынның дидарласуы

Шымкент қаласындағы № 31 В. Терешкова атындағы жалпы білім беру мектебінде Қазақстан әскерінің тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 20 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара өтті.

Жас сарбаздар мен аға буынның дидарласуы

Мерекелік шараға мектеп басшылығының ұйымдастыруымен барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері әскери бөлімінің және басқа да әскери мекемелер мен ардагерлер одағының өкілдері қатысты.

Іс-шара мектептің сегізінші және тоғызыншы сынып оқушыларынан құралған «Жас Сарбаз» сыныптары командалардың арасында бірнеше әскери нормативтерді орындауы бойынша жарыс тәсілінде өтті. Атап айтқанда, жарыс барысында АК-74 оқу қаруын уақытқа шашып-жинау, оқу патрондарын оқ-жатарға орналастыру және жаппай қырып-жоятын қарудан қорғану жиынтықтарын кию секілді нормативтері орындалды.

Жас сарбаздар мен аға буынның дидарласуы

- Осындай мектеп қабырғасында өткізіліп жатқан «Тәжік-ауған шекарасынан азат етілген күн» атты іс-шара ардагерлерді мәңгілік есте сақтау, әрдайым бас иіп, оларға құрмет көрсете білу, оқушыларды имандылыққа, отан сүйгіштікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу мақсатында өткізілуде, - деді алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі.

Мерекелік шара соңында төрешілер жарысқа қатысқан оқушыларды грамоталармен, естелік сыйлықтармен марапаттады. Мектеп ұжымы мерекелік шараға жиналған барша қауымды ТМД елдерінің сыртқы шекарасын күшейтуге қатысқан Еліміздің құрама атқыштар батальонының бітімгер жауынгерлерінің тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 20 жыл толуымен құттықтап, ізгі тілектері мен алғыс хаттарын табыстады. Құттықтау лебіздер мектеп өнерпаздарының мерекелік концертімен ұласты. Онда да елдіктің, ерліктің әні шырқалып, қазақтың керемет билері паш етілді.

Айта кетсек, 1993 жылы ТМД мемлекет басшылары Тәжікстан елінің Ауғанстанмен шектесетін қорғаусыз қалған шекарасына әскер жіберу туралы шешім қабылдаған болатын. 1993-2001 жылдар аралығында 2 мыңнан астам әскери қызметші қатысқан Еліміздің құрама атқыштар батальонының бітімгер жауынгерлері, тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік міндеттерін орындады. Сарбаздар ТМД шекарасының оңтүстік шебін, Ауғанстанмен шектесетін ең ауыр және қиын учаскенің тыныштығын күзетті. Олардың басты мақсаты жалпы саяси жағдайдың тұрақтануына дейін тәжік-ауған шекарасындағы ахуалды ретке келтіру болды.

Понравилась статья? Поделитесь с друзьями!

Афоризм дня

Границы, так же как и страхи, чаще всего оказываются просто иллюзиями. Майкл Джордан

От редакции

Использование материалов возможно только при наличии активной ссылки на городской портал «Шымкент Сити».

Редакция не несет ответственности за содержание рекламных объявлений, статей и комментариев.

Наш адрес: 071406, Казахстан
г. Семей, ул. Сыбанова, 2а
Моб.: 8 747 650 05 30
E-mail:

Посещаемость

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика