Погода в Шымкенте
+25°С
в Шымкенте Облачность
давление: 714 мм.рт.ст.
USD446.49
EUR475.38
RUB4.79
CNY61.66
  • Регистрация

    На указанный email придёт письмо со ссылкой для активации.

    Вы можете указать свой пароль, или оставить это поле пустым и тогда он будет сгенерирован автоматически.

    Вы можете указать отдельный логин, чтобы не использовать email для входа.

    Ваше имя, для отображения на сайте.

Сегодня 20 апреля 2024 года, суббота

Новости Шымкента

Бурабайдың баурайындағы әскери колледж

Түркістан облысында Орта Азиядағы теңдесі жоқ Шучинск қаласында орналасқан жалғыз жоғары санаттағы кәсіби сержанттарды дайындайтын Ш. Уалиханов атындағы Әскери колледжге ауыл жастарын білім алуға шақыру жұмыстары жүргізілуде.

Бурабайдың баурайындағы әскери колледж

Әскери қызметті бозбала жасынан меңгергісі келетін жастар үшін бұл оқу орны – үлкен мүмкіндік. Алайда, ауыл жастары Бурабай баурайындағы сержанттарды дайындайтын оқу орны туралы біле бермейді. Осыған орай, Әскери колледждің әскери қызметшісі 2-ші сыныпты сержант Ғани Базаров аталған мекемеге шақыру және үгіт насихат жүргізу мақсатында Түркістан облысының Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш, Кентау және Арыс аудандарындағы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқушылар кәсіби сержанттарды даярлайтын оқу орнының жетістіктері, меңгеретін әскери мамандықтың қыры мен сырын, сондай-ақ колледж қабырғасының тыныс тіршілігі туралы ақпарат алды.

«Әскери колледж бүгінгі таңда кіші командалық құрамдағы «Әскери басқару» және «Әскери істе кіші буын менеджменті» мамандығы бойынша кадрларды дайындауды жүзеге асыратын Қазақстандағы бірден-бір оқу орны. Сонымен қатар, «3-сыныпты БМП механик-жүргізушісі» және «В», «С» категориялы автокөлік жүргізушісі куәліктері беріледі. Жалпы оқыту мерзімі 1 жыл 10 ай. Бұл уақыт ішінде кадеттер әскери ғылымды теория жүзінде және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінде іс жүзінде меңгереді», - деп бөлісті Ғани Базаров.

Бурабайдың баурайындағы әскери колледж

Айта кетсек, Әскери колледждің тәлімгерлері мемлекет есебінен тегін оқиды. Шәкірт ақысы да бар. Білім ордасы кітапхана, әскери пәндер бойынша сыныптар, қажетті қару-жарақ, құрылғылармен және техникалармен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, оқу орнына әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы 17 жасқа толған, бірақ 22 жастан аспаған азаматтар, оқуға түсетін жылы 24 жасқа толғанға дейін әскери қызметін өткерген азаматтар және мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, 25 жасқа толғанға дейін келісімшарт бойынша әскери қызметін өткеретін әскери қызметшілер үміткер бола алады.

Үміткер оқуға түсу үшін тұрғылықты жері бойынша ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін жергілікті әскери басқару органына өтініш білдіруі қажет. Өзімен бірге жеке куәлігі мен тіркеу куәлігі болуы және оқуға түскен жылы кәмелет жасқа толмаған жағдайда оның заңды өкілінің (әкесі, анасы немесе қамқоршысы) оқуға түсуге, оқу кезеңінде әскери қызмет өткеру туралы және Әскери колледжді аяқтағаннан кейін 10 жылға келісім-шартты жасасуға нотариуспен куәландырған келісімі болуы керек.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Понравилась статья? Поделитесь с друзьями!

Афоризм дня

За деньги можно купить кровать, но не сон... Книгу, но не ум... Секс, но не любовь... Связи, но не друзей... Икону, но не веру... Место на кладбище, но не на небе...

От редакции

Использование материалов возможно только при наличии активной ссылки на городской портал «Шымкент Сити».

Редакция не несет ответственности за содержание рекламных объявлений, статей и комментариев.

Наш адрес: 071406, Казахстан
г. Семей, ул. Сыбанова, 2а
Моб.: 8 747 650 05 30
E-mail:

Посещаемость

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика